Атырау қаласында Бокстан КСРО спорт шебері Қамбар Андашевтың рухына арналған жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнир жылма-жыл көтерді.
27-30 қыркүйек аралығында жоспарланған. Жылма-жыл дәстүрге айналған бұл бокс додасы жасөспірімдер арасындағы ел ішілік үлкен сайыс болып табылады.

*********
Андашев Қамбар Сағынұлы 1957 жылы 30 қыркүйекте Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосында дүние келген. Бала күнінен спортқа жаны жақын болу нәтижесінде, 1975 жылы орта мектепті бiтiргеннен кейiн, Алматы мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт институтына оқуға түсіп, оны жоғарғы жетістікпен аяқтайды. 1979 жылы туған ауылы Махамбет селосындағы балалар — жасөспiрiмдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек жолын бастайды.
1980-2000 жылдар аралығында жаттықтырушы, мектеп директорының орынбасары болып еңбек етті.
2000-2001 жылдарда Махамбет аудандық туризм және спорт бөлімiнің бастығы қызметін атқарды. Осы спортты жанына серiк еткен жылдар Iшiнде аяулы азаматтың шәкірттерi республика көлемiнде өткен додалардың жеңімпазы болды.






