Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында Қазақстан Республикасының бірінші сыртқы істер министрі, Шығыс Қазақстан облысы және Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» Сүлейменов Төлеутай Сқақұлының жүлдесіне арналған 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан Халықаралық турнир өтті.

52 келі салмақта Бекқалиев Мустахим қола жүлдегер атанды. Ол алдымен Семейлік қарсыласын, екінші кездесуінде Алматылық боксшыны ұтты. Жартылай финалда Шымкенттік боксшыдан ұтылды. Одан бөлек 60 келі салмақта Құмарғалиев Аялан да қола жүлдегер атанды.

54 келіде Бітімов Бекзат чемпион атанды. Ол Қарағанды, Ресей, Өзбекстан және Қызылордалық қарсыластарын қапы қалдырды.

+80 келіде Сабырғали Аманат та алтын медальға қол жеткізді. Ол ШҚО, Шымкент және Алматы боксшыларын ұтты.

Айта кету керек, Сүлейменов Төлеутай Сқақұлының жүлдесіне арналған турнир жылма-жыл дәстүрге айналған жоғары деңгейлі жарыс. Онда Қазақстанның барлық облыстары түгел дерлік және жақын шет ел боксшылары қатысады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ