Кәсіпқой боксқа жуырда ғана ауысқан отандасымыз Иван Дычко өзінің бірінші жекпе-жегін америкалық Эйбур Райтпен өткізіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады, — деп жазады порталы.
Далласта өткен жекпе-жек төрт раундқа созылуы тиіс еді, алайда Дычко жекпе-жекті бірінші раундта-ақ аяқтады. Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы мансабын техникалық нокаутпен бастады. Оның қарсыласы Райт екінші рет жеңіліп отыр.
![]()







