2-6 сәуір аралығында Болгарияның София қаласында 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында Д. Джетчевты еске алуға арналған III Халықаралық турнир өтті.
Сайысқа Украина, Алжир, Аргентина, Израиль, Румыния, Монтенегро, Болгария, Греция, Хорватия, Марокко, Словакия, Македония, Египет, Голландия секілді мемлекеттерден жас боксшылар қатысты.
Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған Аманат Сабырғали алтын жүлдегер атанды. Ауыр салмақта жұдырықтасқан ол үш кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Украина мен Грекиялық қарсыластарын ұтса, ақтық сында Қазақстандық боксшы Абросимов Кирилды жеңді.








