Мейрамғали Абсенов бастаған Атырау облысы қыздар командасы екі Халықаралық турнирде бақ сынап, жүлделі оралды.

Алдымен қыркүйек айында Арыс қаласында өткен Кеңес одағының батыры Бейсен Оңтаевты еске алуға арналған 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Халықаралық турниреге қатысты. Онда үш қызымыз сайысқа түсіп, үшеуі де жүлдегер атанды.

50 келіде Бақыт Дильназ бірінші, 52 келіде Сүйіндікова Динара екінші және 48 келіде Жұмағұлова Аяулым үшінші орындарды еншіледі.

Жақында ғана Қызылорда қаласында өткен 2003-2005 ж.т. жасөспірім қыздар арасындағы Жалаңтөс Баһадүровты еске алуға арналған турнирге 5 қызымыз қатысып, оның үшеуі жүлделі орынға ілікті.

48 келіде Бақыт Дильназ және 57 келіде Сүйіндікова Динара финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. 44 келіде сынға түскен Жұмағұлова Аяулым қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ