Бүгін, 25 қараша Ресейдің Белоярский қаласында дәстүрге айналған мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогының жартылай финалдық кездесулері өтті.

XV рет ұйымдастырылып отырған турнир Социалистік Еңбек Ері Фарман Салмановты еске алуға арналған. Биылғы турнирге Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусия, Бельгия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдава, Моңғолия, Польша, Румыния, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Швеция, Эстония, Хорватия және Қазақстан мемлекеттерінен 100-ден астам боксшы қатысуда.

15-ші мәрте ұйымдастырылып отырған айтулы бокс додасының финалына Ержан Ордабаев шықты. 60 келі салмақта жұдырықтасатын боксшымыз жартылай финалда жарыс қожайыны Мирзоев Русланды ұтты.

Ержан ширек финалда Әзірбайжандық Омаров Аразды оңай ұтқан болатын. Енді финалдық бәсекедегі қарсыласы тағы бір Ресейлік Хатенов Артем атанбақ.

Ал, 52 келі келіде жұдырықтасқан боксшымыз Рашид Салауатов жартылай финалдық кездесуді өте жақсы бастаған. Бірінші раундта Ресейлік Джаев Русланды ұпай санымен жеңді. Бірақ, екінші раундта қабағының жарылуына байланысты жекпе-жекті тоқтатуға тураы келді. Осылайша боксшымыз әлем кубогының қоласын еншілеп отыр.

Айта кетейік, Салауатов Рашид 2016 жылғы дәл осы турнирдің күміс жүлдегері атанған болатын.

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ