Қостанай қаласында «Ағайынды Орал және Қорған Айтеновтардың рухына арналған» жастар арасындағы халықаралық турнир маресiне жеттi.

Бұл турнир дәстүрлі, 18-шы мәрте өткізіліп келеді. Ел мақтаныштары Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Серiк Сәпиев, Данияр Елеусінов, Иван Дычко секілді боксшылар осы турнирдің алғашқы қатысушылары болып табылады. Атыраулық боксшылар 1 күміс және 3 қола жүлдеге қол жеткізді. 69 келі салмақта Бітімов Абылайхан күміс жүлдегер атанды. Ол тек ақтық сында Маңғыстаулық боксшыға есе жіберді. Осы салмақ дәрежесінде Нұрымов Нұркен қола медаль иегері атанды.

Ақтөбе қаласында өткен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері Серкебай Дарын (81 кг) мен Эдуардұлы Роберд (91кг) қола жүлдегер атанды.
ПІКІР ҚАЛДЫРУ