Астрахань облысында бокстан жасөспірімдер арасындағы «Открытый турнир» атты ашық жарыс өтті. Оған Айдос Дәулетов бастаған Атырау облысының жасөспірімдер құрамасы қатысты.

Турнир қортындысында құрама қоржынында 10 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль! Осы арада командалық жарыс өтіп, Дағыстандықтарды 10:4 және Астрахань командасын да 10:4 есебімен тізе бүкітрідік.

Турнирдің үздік боксшысы болып Бітімов Бекзат танылды.


Естеріңізге сала кетейік, 17-23 желтоқсан аралығында Тараз қаласында аймақтық Қазақстан чемпионаты өтеді. Құрама бас бапкері:

— Алматы қаласында тыңғылықты оқу-жаттығу жиындарынан өттік. Алда ең маңызды жарыс, Қазақстан чемпионаты күтіп тұр. Осы чемпионат алдында балардың шамасын тексеру мақсатында барған турниріміз еді. Балалар өздерін жақсы қырынан көрсете алды. Кемшіліктерді анықтадық. Енді қалған уақытта сол қателіктермен жұмыс жасайтын боламыз», — дейді Айдос Дәулетов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ