Сабырғали Аманат Оңтүстік-Батыс аймақтық Қазақстан чемпионатының чемпионы атанды.

17-22 желтоқсан аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласында кәсіпқой бокстан әлем чемпионы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Марат Мәзімбаевтың жүлдесіне арналған бокстан 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Оңтүстік-Батыс аймақтық Қазақстан чемпионаты өтті.
Аса ауыр салмақ дәрежесінде Сабырғали Аманат қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Тағы бір боксшымыз Мажитов Бекзат қола жүлдеге ие болды.
ПІКІР ҚАЛДЫРУ