6-10 наурыз аралығында Ресейдің Нальчик қаласында  Балкар халқының жаңғыру күніне арналған ашық бүкілресейлік турнир өтті.

Бұл жарысқа Атырау облысы құрамасынан бөлек Ресейдің барлық өңірлерінен және Грузия, Әзірбайжан мемлекеттерінен 100-ден астам спортшы қатысты. Атыраулық боксшылар 3 медаль еншіледі: 60 келіде Ұзақбаев Асылхан күміс жүлдегер атанды. 52 келіде Сатанов Расул пен 75 келіде Манашев Амандық қола жүлдегер.

Жалпы Нальчик қаласындағы турнирге Атыраулық боксшылар жылма-жыл қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Турнир тарихына көз жүгірте кетсек:

2015 жыл — 49 келіде Салауатов Рашид пен 60 келіде Ордабаев Ержан чемпион атанды. 91 келіде Рахман Әлжанов күміс және 69 келіде Азамат Досмағамбетов қола медаль жеңіп алған болатын. Ержан жарыстың «ең үздік боксшысы» атанды.

2016 жыл — 49 келіде Салауатов Рашид қарсылас шақ келтірмеді. Ұзақбаев Асылхан күміс алса, Азамат Досмағамбетов пен Шунгарин Есенаман қола жүлдеге қол жеткізді.

2017 жыл — Ержан Ордабаев алтын медаль еншілеп қана қоймай, екінші рет турнирдің «ең үздік боксшысы» атанды. Амандық Манашев, Рашид Салауатов, Есенаман Шунгарин қола медалдарға ие болды.

Ақпарат үшін:

8-ші наурыз балқар халқының тарихындағы қайғылы күн болып табалады.

1944 жылы 8-ші наурыз күні балқар халқы туған Кавказ тауларынан Орта Азия жəне Қазақстанға мəжбүрлі айдауға ұшыраған. Осы КСРО билігі жасаған қылмысының арқасында балқарлардың көбісі жолда қаза тапқан жəне туған жерінен айрылып, бастарынан көптеген қиыншылық өткізген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ