Сәуір айының 6-10 аралығында 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Шиелі ауданының құрметті азаматы Ә.Д. Шорабаевты еске алуға арналған V-ші Халықаралық турнир өтті.
Сайысқа БҚО, Жамбыл, ШҚО, Ақтөбе, ОҚО, Қарағанды және Алматы облыстарынан 200-ден астам боксшы қатысты. Нысанбаев Айбек бастап барған Атырау облысы құрамасы 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Ауыр салмақта Мұратов Исламбек финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. 57 келіде Бекқалиев Мұстаһим және 63 келіде Темірболат Сұлтанбек қола медаль еншіледі.







